Үздік сержанттар сайысы
Жеңіс бұл жолы қарумен емес, шеберлікпен сарапқа салынды. «Айша бибі» полигонында өткен «Үздік сержант» байқауында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ең тәжірибелі әскери қызметшілері бақ сынады. 70 сержант жеті кезең бойынша өзара мықтыны анықтап, Қарулы күштердің Республикалық кезеңіне жолдама үшін күресті.