Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
Астанаға әлемнің ең дарынды оқушылары жиналды. Елордада жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиада басталды. Ауқымды шараға саланың жетекші сарапшылары мен әлемдік технология индустрияның өкілдері де келген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім бәйгесінің ашылу салтанатына қатысып, цифрлық даму Қазақстанның стратегиялық таңдауы екенін атап өтті. Сонымен қатар жасанды интеллект мемлекетті, экономиканы, бизнесті басқарудың маңызды тетігі ретінде қоғам өмірінің барлық саласына енетінінін айтты.