Қаржылық қауіпсіздік – маңызды мәселе
Қазіргі таңда елімізде қаржылық алаяқтық деректері күн санап көбеюде. Алаяқтар да қарап отырған жоқ — уақыт өткен сайын айла-тәсілдерін жетілдіріп, сенімге кірудің небір күрделі жолдарын меңгерген. Өзекті мәселеге орай Жамбыл облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қаржылық қауіпсіздік бойынша тренинг өткізді.