2,5 мың қобызды қолмен ойған шебер
Қарапайым қара ағаш... Бірақ шебер қолына түскен сәтте ол ғасырлар үнін жеткізетін қасиетті қобызға айналады. Жамбылдық 64 жастағы ақсақал осы күнге дейін 2500-ден астам ұлттық аспап жасап, қазақтың қоңыр үнін әлемге танытып келеді. Оның әрбір туындысына қызыққан шетелдіктер де аз емес. Тіпті соңғы жасаған қобызы Франция мен Бельгия төрінен табылды.