Мал басын асылдандыру кешенді жалғасуда
Асыл тұқымды мал басын көбейтіп, оның өнімділігін арттыруда заманауи технологиялардың маңызы зор. Меркі ауданында осы бағыттағы жұмыстар қарқын алып, қолдан ұрықтандыру әдісі арқылы малдың генетикалық әлеуеті жақсартылып келеді. Нәтижесінде асыл тұқымды мал саны артып, шаруалардың табысын еселеуге жол ашылуда.