Дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасаған сәт түсіп қалған.Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, барлық материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айта кету керек, бұл Тараз қаласында дрифт жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған алғашқы жағдай емес. Осындай әрбір дерек полицияның ерекше бақылауында.