Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Құрылтайды қолдауға дайын. Мұны соңғы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсетті. Зерттеу барысында азаматтардың саяси ұстанымы, сайлау алдындағы көңіл күйі және партиялық таңдауға әсер ететін негізгі факторлар анықталған.