Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті 35-сессиясына қатысты. Жиын барысында ең алдымен қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы баяндады.