Тараз қаласындағы мектептердің саны тура жетпіске жетті. Бүгін Шөлдала шағын ауданында тағы бір мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Білім мекемесі еліміздегі «Келешек мектептер» жобасы аясында салынған. Осылайша бұл аумақтағы орын тапшылығы мәселесі түбегейлі жойылып отыр. Ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады.