Кәсіптің көзін тапқан – табыстың өзін табады. Меркіде Зеңгі баба төлінің сапасына зейін қойып, пайдаға кенелген еңбеккерлер баршылық. Солардың бірі – «Достық» шаруа қожалығы. Асыл тұқымды ірі қара өсіріп, мал шаруашылығын дамытып қана қоймай, сүт өңдеу ісімен де айналысып отырған қожалық шетелдік сиырларды жерсіндіріп, олардан мол өнім алып отыр.