Бокстан Жамбыл облыстық чемпионаты басталды. Чемпионат Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбековті еске алуға арналған. Бұл дәстүрлі дода ел символын жасаған тұлғаның есімін ұлықтауға және жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.