Қыркүйек айынан бастап елімізде жанар-жағармай бағасы кезең- кезеңімен көтерілді. Дизель отыны — 10 теңгеге, бензин — 4 теңгеге өскен. Бұл шешім жанармай нарығын тұрақтандыру мен өңірлерді үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Бұл жөнінде аймаққа арнайы келген энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты.