Алимент жайлы сөз қозғағанда, көпшілік оны қарапайым қаржылық көмек деп түсінеді. Расымен ол ақшамен өлшенеді. Бірақ сол қаржының ішінде баланың киімі, тағамы, білім алуы ғана емес, қауіпсіздігі мен психологиялық тұрақтылығы да тұрғанын ескере бермейді.

Сондықтан алиментті өндіру ісі тек заңдық механизмдермен шектелмеуі қажет. Қоғамдық қысым, ұжымдық сана, отбасылық тәрбие де осы жүйеге араласуы тиіс.