Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттер үйінде «Саналы отбасы – берік қоғам» атты семинар өтті. Іс-шара мақсаты «Отбасы құндылықтары: берік неке – жарқын болашақ» тақырыбымен саналы өмір салтын қалыптастыруды көздеді. Семинарға студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.