ТМД жаңа тарихи жағдайда мемлекеттер арасындағы сенімді арттырудың халықаралық тетігі ретінде сұранысқа ие құрылым екенін дәлелдеді. Душанбеде өткен ұйым мемлекеттері басшылары кеңесінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді. Президент елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және Ұйым қызметін ілгерілетуге бағытталған бірқатар ұсыныс айтты. Мемлекет басшысының пікірінше сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру негізгі басымдықтардың бірі болып қалуы тиіс. Былтыр ТМД елдерінің сауда айналы 8 пайызға көбейіп, 110 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстанның Достастық мемлекеттерімен алыс-берісі соңғы бес жылда бір жарым есе өсіп, 38 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткіш Ұйымның сауда-экономикалық әлеуетін көрсетеді және әлі де мүмкіндіктердің бар екенін байқатады. Бірлескен өндірістерді іске қосуға, негізгі салалардағы кооперациялық байланыстарды күшейтуге баса мән беру керек деді Президент.