Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу жалғасып жатыр. Бүгін негізгі кезең - сараптама комиссиясымен сұхбат өткізілді. Мұнда үміткерлер мемлекеттік басқару саласындағы өз көзқарастары мен идеяларын 5 минут ішінде ұсынды. Презентация аяқталған соң, сарапшылар әр түрлі сұрақтарын қойып, ұсынылған бастамаларға кәсіби тұрғыда баға берді. Жалпы кадрлық резерв бұл- еліміздегі талантты, білімді, көшбасшылық қабілеті бар жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған стратегиялық жоба. Яғни, бұл тізімге енген азаматтар алдағы уақытта жауапты мемлекеттік қызметтерге тағайындалуы мүмкін. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Негізгі шарт үміткердің кез-келген салада 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.