Таразда Қазақстан кәсіподақтары күні және Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Еңбек адамы – ел мақтанышы!» атты жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті. Оқушылар сарайында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шара еңбек адамдары мен ұстаздарға деген ерекше құрметтің белгісі болды.