Жамбыл облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгін аймақтан ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне 23, десанттық-шабуылдау әскеріне 50 жас аттанды. Шығарып салу рәсіміне қорғаныс департаментінің өкілдері,сала ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты.