Өткен сенбі Мемлекет басшысының қатысуымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Игі бастамаға Жамбылдықтар да белсене қатысты. Мәселен, Тараздағы «Қызыл-Абад» тұрғын алқабына 10 мың қарағаш егілді. Осылайша, бұл аймақ алдағы уақытта жасыл- желекке айналмақ.