Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген. Айтулы күнге орай облысымызда түрлі іс-шаралар өтуде. Мәселен, «Тараз Арена» спорт сарайында ерекше жандардың қатысуымен «Спортта барлығы тең» атты спартакиада өтті..