Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе - инклюзивті білім беру. Бұл қазіргі қоғам қажеттілігі. Мұндай балалардын толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау – біраз еңбекті талап етері сөзсіз. Бұл бағытта Жамбыл облысында да тиісті жұмыстар атқарылуда.
Нақтырақ айтқанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете - дамыта оқыту сыныптары ашылып жатыр. Дамуында ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту қолға алынған.