Жуалы ауданының Қошқарата ауылында ардагерлерге арналған ізгілік шарасы өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған топ ауылдың ардақты қарияларына арнайы барып, ізет көрсетті. Сондай-ақ соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойылып, тағзым етілді.