Биыл қазақ елі төртінші рет «Республика күнін» атап өтеді. Ұзақ жылдар бойы ұмыт қалған бұл дата елдігіміздің еңселі мерекесі саналады. 1990 жылы "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Тарихи және саяси маңызы бар құжатта Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар егемен мемлекет деп жариялады.