Тараз қаласында ардагерлер мен жастар арасында қазақтың дәстүрлі ойыны – тоғызқұмалақтан қалалық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Оған барлығы 50 адам қатысып, ұлттық ойынымыз тағы бір мәрте ұлықталды.