Таразға тағы су жаңа 24 автобус әкелінді. Бүгін орталық алаңда қала әкімі Бақытжан Орынбеков автопарк иелеріне көліктерді табыс етті. Қытай және Өзбекстан мемлекеттерінде шығарылған қоғамдық көліктер барлық талапқа сай келеді. Тіпті мүмкүндігі шектеулі жандарға арналған арнайы лифт де қарастырылған.