Әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының бірі – «Лукойлдың» құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойға Мемлекет басшысы қатысып, компания ұжымын құттықтады.

Президент «Лукойлдың» Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестікті нығайтканын ширек ғасыр ішінде кәсіпорын еліміздің мұнай-газ саласына 12 млрд доллардан астам инвестиция құйып, 94 млн тонна мұнай мен 60 млрд текше метр газ өндірген айтты. Сондай-ақ 300 млн долларға жуық қаражат әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа бағытталған. Президент компанияның қатысуымен «Теңіз кен орнындағы кеңейту» жобасы табысты аяқталғанын атап өтті. Сонымен қатар, Каспий қайраңында «Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» бірлесіп «Қаламқас теңіз» және «Хазар» жобаларын жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бұл жобаларға 6 млрд доллардан астам инвестиция салынып, 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады, деді.