Ел экономикасы биыл қарқынды дамып келеді. Тоғыз айда жалпы ішкі өнім 6,3%-ға жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар да артқан. Дегенмен кей өңірлердің көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Бүгін Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен инфляцияны ауыздықтау мәселелері талқыланды. Жиында қосылған құн салығының баспана бағасына әсері туралы да сөз қозғалды.