Қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жылдығы аясында Тараз университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Салауатты сана мен мәдениет, «Ұлттық дәстүрлер мен психологияның ұрпақ тәрбиесіне ықпалы» бұл бүгінгі жиынның тақырыбы.

Мәдениет және өнер кафедрасы ұйытқы болған жиынға практик-психологтар, мәдениеттанушылар, философтар, педагогтар және алыс шет елдердің жетекші ғалымдары қатысып ойларын ортаға салды.