Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында ауылдағы қыз-келіншектер де өз кәсібін бастауға мүмкіндік алып отыр. Соның бірі Қордай ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Сабина Әлиева. Ол 2025 жылы көпбалалы ана ретінде 1 миллион 550 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алған. Қазіргі таңда өзі көптен бері армандап жүрген сұлулық салонын ашты.