Белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист, ақын, драматург, Арғынбай Бекбосын шығармашылығына арналған "Азамат. Жазушы. Қайраткер." атты еске алу кеші өтті. Байзақ аудандық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара жазушының әдеби мұрасын құрметтеу, оның қоғамға қосқан үлесін есте сақтау мақсатында ұйымдастырылды.