2016 жылдан бастап құрылған қоғамдық кеңестер бүгінде шын мәнінде қоғам сенімін арқалаған ұйымға айналды. Қазіргі таңда еліміз бойынша 300- ге жуық республикалық және жергілікті қоғамдық кеңестер жұмыс істейді. Соның ішінде Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесі де қоғамдық бақылау, қоғамдық сараптама, мониторинг және есепті тыңдаулар өткізіп, өз жұмысын абыройлы атқаруда.