Жамбыл облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана – тек кітап беретін орын емес. Бұл – инклюзивті бағыттағы ерекше мәдени кеңістік. Кітапхана бүгінде мың жарымға жуық оқырманға қызмет көрсетеді. Оның 450-ден астамы – зағип жандар. Мұнда кітап оқуға ешқандай шектеу жоқ. Биыл бұл мекеме бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.