Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ашық әрі еркін форматта өткен жиынға аудан тұрғындары, ауыл әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер қатысты.
Өңір басшысы алдымен облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, Шу ауданының әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері жайында мәлімет берді.