Шілде айының басында Алматы қаласындағы Медеу мұз айдыны кешенінде «Аламан құрақ» мәдени іс-шарасы өткізіліп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 660 шебер қатысқан болатын. Олар өз туындыларын бір мезетте қалың көпшілікке таныстырды. Осылайша, құрақшылар жұмысы «GBR» дүниежүзілік рекордтар кітабына еңгізілді. Бұл іске Жамбылдық құрақшылар да өз үлестерін қосқан еді.