Меркі ауданында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Меркі ауданының Құрметті азаматы, ақын, жазушы Шырын Мамасерікованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңімнің әр жолы – Өмірбаян» атты шығармашылық кеші өтті. Мерейтойлық кешке Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, Облыс әкімінің кеңесшісі Хамит Есаман және ақынның шығармашылық жолдастары мен өнердегі қаламдас әріптестері, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.