Елімізде ең үздік 100 кітап анықталады. Қазір төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнама жүргізіліп жатыр. Бүгін осыған орай, Жамбылдық зиялы қауым өкілдері мен жастар кездесті. Көркем әдебиеттің түрлі жанырындағы өздері үздік деп тапқан кітаптары туралы айтып, ойларымен бөлісті.