Биыл облыста 65 мыңнан астам жұмыс орыны құрылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытқа дейін 26 мыңға жуық азамат еңбек шартын жасасқан. Жалпы өңірде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр. Бүгін облыстық әкімдікте өткен кезекті аппарат отырысында әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.