«Заң мен тәртіп» жобасы қайта жанданды. Тұрғындар да бұл кездесуді асыға күткен. Бірі – мектептің жайын, бірі – тіршілік нәрінің тапшылығын, енді бірі – жолдың жайын көтерді. Кейбір ауылдарда ауыз су жүйесі тартылғанымен, кестесіз, үзіліспен беріледі. Ал су құбыры жүргізілген елді мекендерде жол мәселесі қайта туындаған. Тұрғындар осы жолы нақты жауап алып, шешім болады деп сенеді.