Белгілі жазушы-драматург Елен Әлімжан 80 - жаста. Қазақ әдебиетіне, руханиятына қомақты үлес қосқан қаламгердің мерейтойы өзі туған Аққұм ауылында аталып өтті. Түрлі жанрда қалам тербеген Елен Әбдуатұлы туған елінің ортасында ерекше әсер сыйлаған кеште ақжарма тілегін арнап, ауылдастарына ризашылығын білдірді.