"Ауыл Береке" базарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Құтқарушылар құрылыс материалдары сатылатын орындарда қызыл жалын шарпығанда қолға алынуы тиіс жедел әрекеттерді көрсетті. Мұндай жаттығулар өрт бола қалған жағдайда төтеншеліктердің әзірліктерін пысықтап қана қоймай, адамдар көп шоғырланған аумақтардағы қауіпсіздік деңгейін арттыра түседі.