Қордай ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен батагөйлердің облыстық байқауы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – бата беру дәстүрін дәріптеу, жастарды үлкенді құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.