Меркіде мәселе көп. Әлеуеті жақсы деген ауданның өзінде жолы жарамсыз, интернеті нашар ауылдар бар. Қазақстан кең байтақ болғанымен, өңірде мал жаятын жайылым да жеткіліксіз. Таулы, нулы, сулы деген аудан болғанымен ағын судың тапшылығы да тығырыққа тіреп келеді.
Тұрғындар осындай талап тілегін «AMANAT» партиясы ұйымдастырған қоғамдық қабылдауда жеткізді. Қоғамдық қабылдауға аймақтағы партия басшыларымен қатар аудан әкімінің орынбасары, мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшылары қатысты. Әдеттегідей уәде берілді.