Тараз қаласының аумағында ұзындығы 82 шақырым болатын 8 ирригациялық су арнасы бар. Облыс орталығын көркейту мақсатында оларды абаттандыру бас жоспарға енгізілген. Күні кеше облыс әкімі «Түйте» каналының бойындағы құрылыс жұмыстарының нәтижесімен танысты.