Шу-Сарысу мыс бассейнінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстары басталды. Бұл туралы Ivanhoe Mines Ltd. Компаниясының басшысы Роберт Фридланд Президентке баяндады. Бұған дейін олар осы жердегі зерттеуге 18,7 миллион доллар бөлген. Алдағы 4 жылда инвестиция көлемін 115 миллион долларға дейін көбейтпек. Фридландтың айтуынша, Қазақстанның мыс игеру тарихындағы ең ауқымды жобаны іске асыру әлемдегі осы руданы өңдеу ісінде жаңа перспективаға жол ашады.