Таразда омарташылар форумы өтті. Республикалық көлемде өткен жиынға Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облыстарынан келген ерекше мамандық иелері қатысты. Бал арасының бағбандары бас қосқан форумда омарташылық кәсіптің қыр-сыры талқыланды.