Биылғы оқу жылын Жамбылдық дарынды оқушылар табысты аяқтады. Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, алтын, күміс және қола медальдарды иеленді. Бүгін осы талантты оқушылармен аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жүздесті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын кездесуге 132 оқушы қатысты. Басқосуда облыс әкімі талапты жастарға алғысын жеткізіп, 100 мың теңгенің сертификатын табыс етті.