Жамбыл облысында қазақ әйелдерінің ауыр тағдырын суреттейтін қысқаметражды фильм түсірілді. «Айша» деп аталған бұл картина – тек кино емес, қоғамдағы ең өзекті мәселе тұрмыстық зорлық-зомбылықпен нәзік жанның үнсіз жанайқайын қозғайды. Фильм режиссері – жамбылдық жас талант, болашақ бағдарламасымен Нью-Йорк киноакадемиясында білім алып жүрген магистрант Жалғас Абенов.