Жаһандық проблемаларды шешу үшін ресми келіссөздер шеңберінен шығып, адами, қарапайым қарым-қатынас орнататын заман келді. Бүгін Елордада өткен Астана халықаралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондай-ақ, Президент бүгінгі жиынның әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отырғанын және мұны жолайрық, халықаралық қатынастардағы сын сағаты деп сипаттасақ та болады деді.