Халықаралық баларды қорғау күніне арналған іс- шаралар легі балалардың құқықтарын қорғаумен айналысып келе жатқан қоғамдық ұйымдар тарапынан да қолдау тапты. Атап айтқанда көп балалы, көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына және ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге қолдау көрсететін Тараздағы орталықтардың бірі балаларға кезекті рет қуаныш сыйлады.