Тараз қаласы «Әулиеата» және «Жібек жолы» аудандарына бөлінгені белгілі. Енді жаңа аудандарда - ескі проблемалар көп болып тұр. Қала маңындағы бірқатар ауылдардың да қосылғанын ескерсек мәселе қордалана түсері анық.
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Әулиеата» ауданының тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді. 273мың 766 халқы бар аудан тұрғындары да талап – тілектерін жеткізді. Су жаңа ауданның – су жаңа әкімі Барлық Төреханов та алдағы жоспарлары баян етті.